Қоғам

Астанада дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланды

© Sputnik / Алексей МальгавкоДәрігер медициналық тексерістен өткен науқастың құжаттарын қарап жатыр, архивтегі фото
Дәрігер медициналық тексерістен өткен науқастың құжаттарын қарап жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық саласында соңғы жылдары қаржыландыру 10 есеге көбейген

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Астанада халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі талқыланған қоғамдық тыңдауда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі сөз болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 "Денсаулық сақтау саласының мәселесі қаланың әрбір тұрғынына етене таныс және біз соңғы жылдары бұл салада көп жұмыс атқардық, соған қарамастан қаладағы денсаулық сақтаудың перспективасы мен сапасын әрі қарай дамыту үшін шешімін табуы тиіс мәселелер бар. Сондай-ақ, медицина кадрларының жетіспеушілігі мен оларды қаржыландыру мәселесі де қатар жүреді", — дейді қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов. 

 Қоғам белсенділері кездесуде жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін 1200 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бүгінде оның орта көрсеткіші 900 теңге.

"Көптеген бас дәрігер мен мамандар саланы аз қаржыландыратынын айтуда. Біз бұл мәселені қолдаймыз. Егер жалақыны жоғарылатса, қызмет көрсету сапасы арта түседі. Біздің ойымызша, аурды тек ескерту керек, ол аурудың әкелетін зардабын емдемеу керек, оны емдеу ісі амбулаториялық-емхананың міндеті", — дейді С.Есілов.

Травматолог рентген суретіне қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі дәрігерлердің жалақысын қандай жолмен көтеретінін айтты
Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров елорданың бүгінде алдыңғы орында келе жатқанын айтты. 

Денсаулық саласындағы құжаттық бағдарламаны жүзеге асыруда соңғы жылдары қаржыландыру 10 есеге көбейді. Бұл материалдық-техникалық базаны күшейтіп, тегін кепілдендірілген медициналық көмек тізімі мен мамандардың біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Оның келтірген мәліметінде Астанада халықтың өмір сұру ұзақтығы 75,4 жасқа ұзарған, ол елдегі орта көрсеткіштен 3,5 жылға көп.

"Біз бұған туу саны көрсеткішінің артуы мен өлім санының азаюы арқылы жеттік", — деп түсіндірді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда қаладағы денсаулық сақтау жүйесіне 100 мың емхана ұсынылды, оның 37-сін қала әкімдігі ұсынды. Атап айтқанда: 16 емхана, 20 стационар және жедел жәрдем станциясы. Астанада жалпы 15,5 мың медицина қызметкері бар. 


Жаңалықтар
0