АСТАНА, 22 қараша— Sputnik. Қазақстан депнсаулық сақтау министрлігі тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген ақшаны медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсамақ.
Оның айтуынша, министрлік бюджеттен ақша бөлдіріп, оны барлығына үлестіру жолымен жалақыны көтере алмайды, қазір ондай жүйе жұмыс істемейді.
"Егер біз жалақыны 50 процентке көтергіміз келсе, қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтуымыз керек. Өкінішке қарай, ол оңай шаруа емес, онсыз да ел бюджетінің 11 процентін алып отырмыз", — деп түсіндірді министр Елжан Біртанов.
"Тиімсіз шығындардың бәріне тыйым салынып, қысқартылады. Алайда тариф сол күйі сақталады. Үнемделген ақша жалақыға бөлінуі керек. Өз клиникасының, кадрдың құнын білетін басшылар қызметкерлерінің жалақысын жүйелі түрде көтеріп келеді ", — деп атап өтті ол.
Министр көптеген мемлекеттік медициналық ұйымның жалақы төлеу жүйесін мемлекет реттемейтінін айта кетті.