Қоғам

Мұхтар Құл-Мұхаммед шахтерлерді жер бетіне шығуға шақырды

© Photo : Служба центральных коммуникацийМұхтар Құл-Мұхаммед. Архивтегі фото - рекадр
Мұхтар Құл-Мұхаммед. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Отан" партиясының мүшелері шахтерлердің проблемасын шешуге атсалысып жатыр

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысының ереуілге шыққан шахтерлері келіссөздер жүргізу үшін үстел басына жиналуы керек деп есептейді.

Ол партиялықтар "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылары мен басшылығы арасындағы дауды реттеуге атсалысып жатқанын атап өтті.  

 

Фемида - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"АрселорМиттал Теміртау" шахтерлер ереуілін ұйымдастырғандарды сотқа берді
"Партияның Қарағанды облыстық филиалының басшылығы жанжал шыққан күннен бастап келіссөздер процесіне қатысып жатыр. Шахтерлер өздерінің нақты талабын қойды, қазір келіссөздер жүргізіліп, барлығы бүге-шігесіне дейін талқылануда. Бұл тек экономикалық сипаттағы еңбек дауы. Жұмыс берушілер қойылған шарттың бір бөлігін орындап үлгерді, дегенмен проблема бар, оны шешу керек. Сонымен қатар көмір бағасының қымбаттауына жол беруге болмайды ", — деп мәлімдеді Құл-Мұхаммед.

Партия төрағасының орынбасары облыс шахтерлерімен келіссөздер жүргізу қажет деп есептейді, ол үшін олар кенжардан шығуы керек.  

 "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартты. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр.  


Жаңалықтар
0