АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы шахтерлер ереуілін заңсыз деп танып, сотқа берді, деп хабарлайды Абай аудандық соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"АрселорМиттал Теміртау шахтерлер ереуілінің заңсыздығы туралы сотқа арыз түсірді. Шағым кеше берілген. Істің қаралатын күні әлі бекітілген жоқ", — деді Sputnik Қазақстанға сұхбат беруші телефон арқылы.
Судья Гүлнар Марзалинова болады. Жауапкерлер: "Қорғау" көміршілер кәсіподағы, "Жақтау" металлургтер кәсіподағы және "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында жұмыс істейтін бірнеше шахтер.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті төрт шахтасының 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойған. Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.