Видео

Шахтинск ереуілшілерге қаншалықты қолдау көрсетіп отыр?

Жазылу
Елордалық тілші Азамат Ерғали Шахтинск қаласына барып, не болып жатқанын өз көзімен көріп қайтты. Ол Қарағанды облысына сапары туралы Youtube желісіндегі бейнесюжетінде баяндаған

"Бәрін өз көзіммен көру үшін бүгін кешке Шахтинск қаласына барамын деп шештім. Желтоқсанның 12-сінен 13-іне қараған түні ешқандай ресми ақпарат болмады. 13 желтоқсан күні таңертең "Қазақстан" шахтасында болдым. Ең әуелі байқағаным, бір адам азық-түлік салынған қапты арқалап келеді екен. Шахта аумағында полиция, әскер немесе басқа біреулер жоқ. Адамдар жер астындағыларға жылы киім әкеліп жатты", — деп әңгімелейді Ерғали.

Кеншілер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"АМТ" бас директоры: шахтерлер жер астынан шықса, келіссөз жүргізуге дайынбыз

Әрі қарай еш кедергісіз әкімшілік-тұрмыстық комбинатқа кіріп, әріптестеріне қолдау көрсетіп жүрген шахтерлермен кездеседі. Ер-азаматтар ереуілшілерге әкелінген ыстық тамақ, жеміс-жидек, тәттілер, су, киім-кешек пен дәрі-дәрмекті бөліп, үлестіріп жатыр екен.

Содан соң ол шахтерлер мен олардың отбасының тұрмыс-тіршілігін көруге аттанды. Олар Шахтинск тұрғыны, төрт баланың әкесі Таңаттың үйіне барыпты. Таңаттың отбасы үлкен, айлық жалақысы 100 мың теңге, мойнында миллион теңгеден астам несиесі бар. 

"Үйдегі тоңазытқыш бос тұр. Адам кем дегенге 208 мың теңге алатын болса, жағдай басқаша болар еді. Бұл арнайы таңдалған адам емес немесе әдейілеп осында келген жоқпыз. Ол бес жылдан артық шахтада жұмыс істеп келеді. Дастарханда наннан басқа ештеңе жоқ", — дейді Азамат Ерғали.

Тілші жергілікті мейрамханалардың біріне де барып қайтты, онда әйелдер ұжымы шахтерлерге тегін ыстық тамақ әзірлеп беріп отыр.

Жаңалықтар
0