Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ғасыр қасіреті – Чернобыль апатынан кейін түсірілген архив суреттері

Жазылу
Атом энергетикасы тарихындағы ең жойқын Чернобыль АЭС апатынан бері отыз жылдан астам уақыт өтті

1986 жылы 26 сәуірге қараған түні атом электр станциясында ядролық реактор жарылды. Осы жантүршігерлік апат салдарынан қаншама станция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, шахтерлер, физиктер, әскерилер мен қатардағы сарбаздар денсаулығынан айырылып, қаншасы ажал құшқан. Бұл адамдарды апат салдарын "жоюшылар" деп атайды.

Бастапқыда олардың біраз бөлігі қорғаныш костюмдерсіз жұмыс істеп, көп мөлшерде радиация алды, көпшілігі қаза тапты. Тірі қалғандары сәуле күйіктерін алып, айықпас дертке шалдыққан. Өмірлеріне төніп тұрған қатерге қарамастан "Чернобыльдықтар" атом станциясындағы өртті сөндіріп, реактор қалдықтарын бөлшектеді.

1986 жылы 30 қарашада бұзылған энергетикалық блок үстіндегі саркофаг құрылысы аяқталды. Ал екі аптадан соң, яғни 14 желтоқсанда Кеңес Одағының орталық басылымдары ЧАЭС төртінші энергетикалық блогын қорғаушы кешеннің іске қосылғаны туралы хабар таратты. Бұл хабарлама жарияланған күн Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан адамдарға құрмет көрсету күні болып қабылданған.

Бүгінгі фотолентамызда апат салдарын жою барысындағы сирек кездесетін архивтік кадрлар ұсынылады.

© Sputnik / Игорь Костин / Медиабанкке өтуЧернобыль АЭС реакторының төбесіне шығуға дайындық үстінде.
Чернобыль апатының салдарын жоюшылар - Sputnik Қазақстан
1/15
Чернобыль АЭС реакторының төбесіне шығуға дайындық үстінде.
© Sputnik / Борис Приходько / Медиабанкке өтуБір топ маман 1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға кетіп барады.
Чернобыль апатының салдарын жоюшылар - Sputnik Қазақстан
2/15
Бір топ маман 1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға кетіп барады.
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЧернобыль апаты аймағында жұмыс істейтін әскери техника арнайы құрылған пунктте зарарсыздандырылған.
Техниканы зарарсыздандыру - Sputnik Қазақстан
3/15
Чернобыль апаты аймағында жұмыс істейтін әскери техника арнайы құрылған пунктте зарарсыздандырылған.
© Sputnik / Игорь Костин / Медиабанкке өтуЧернобыль атом электр станциясындағы арнайы зарарсыздандыру қоспасы құйылған контейнер.
Чернобыль апатының салдарын жоюшылар - Sputnik Қазақстан
4/15
Чернобыль атом электр станциясындағы арнайы зарарсыздандыру қоспасы құйылған контейнер.
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖұмысшылар Чернобыль атом электр станциясы аумағында зарарсыздандыру ертіндісін шашып жатыр
Чернобыль апатының салдарын жоюшылар - Sputnik Қазақстан
5/15
Жұмысшылар Чернобыль атом электр станциясы аумағында зарарсыздандыру ертіндісін шашып жатыр
© Sputnik / Игорь Костин / Медиабанкке өтуРадиация деңгейін өлшеп, елді мекенді зарарсыздандыру үшін тікұшақтар пайдаланылған.
Чернобыль апатының салдарын жою - Sputnik Қазақстан
6/15
Радиация деңгейін өлшеп, елді мекенді зарарсыздандыру үшін тікұшақтар пайдаланылған.
© Sputnik / В. Чистяков / Медиабанкке өтуКиев әскери округының ӘҒК штабының басшысы, генерал-майор Николай Антошкин Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан тікұшақ экипаждарымен бірге.
Чернобыль апатының салдарын жою - Sputnik Қазақстан
7/15
Киев әскери округының ӘҒК штабының басшысы, генерал-майор Николай Антошкин Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан тікұшақ экипаждарымен бірге.
© Sputnik / Игорь Костин / Медиабанкке өтуАлыстан басқарылатын фин грейдерімен апат болған жердегі топырақтың бір қабаты алынды.
Чернобыль апатының салдарын жою - Sputnik Қазақстан
8/15
Алыстан басқарылатын фин грейдерімен апат болған жердегі топырақтың бір қабаты алынды.
© Sputnik / Игорь Костин / Медиабанкке өтуЧернобыль қаласындағы тұрғын үйлерді зарарсыздандыру.
Чернобыль апатының салдарын жою - Sputnik Қазақстан
9/15
Чернобыль қаласындағы тұрғын үйлерді зарарсыздандыру.
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЧернобыль атом электр станциясы аумағында апат салдарын жою сәті.
Чернобыль апатының салдарын жою - Sputnik Қазақстан
10/15
Чернобыль атом электр станциясы аумағында апат салдарын жою сәті.
© Sputnik / Инякин / Медиабанкке өтуЧернобыль апатының салдарын жоюшы мамандар.
Чернобыль апатының салдарын жоюшы мамандар - Sputnik Қазақстан
11/15
Чернобыль апатының салдарын жоюшы мамандар.
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЧернобыль апаты аймағынан кетіп бара жатқан жеңіл көлік арнайы пунктте зарарсыздандырылып жатыр.
Чернобыль апатының салдарын жою - Sputnik Қазақстан
12/15
Чернобыль апаты аймағынан кетіп бара жатқан жеңіл көлік арнайы пунктте зарарсыздандырылып жатыр.
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПрипяти қаласында радиациялық барлау жүргізген В.Бобров капитан тобы.
Радиациялық барлаушы сарбаздар - Sputnik Қазақстан
13/15
Припяти қаласында радиациялық барлау жүргізген В.Бобров капитан тобы.
© Sputnik / Игорь Костин / Медиабанкке өтуЧернобыль атом электр станциясында жарылған төртінші реактор көрінісі.
Чернобыль атом электр станциясы - Sputnik Қазақстан
14/15
Чернобыль атом электр станциясында жарылған төртінші реактор көрінісі.
© Sputnik / Медиабанкке өтуҒасыр қасіреті болған жойқын апатқа дейін жарты жылдай бұрын түсірілген сурет. Атом станциясындағы жұмыс барысы.
Чернобыль атом электр станциясы - Sputnik Қазақстан
15/15
Ғасыр қасіреті болған жойқын апатқа дейін жарты жылдай бұрын түсірілген сурет. Атом станциясындағы жұмыс барысы.
Жаңалықтар
0