Октай Рзаев – темірден түйін түйетін шебер. Алғаш рет құрастырған көлігі – кабриолет болды, ол үшін ескі көліктердің қайырылатын төбесін пайдаланған, деп жазады Sputnik Әзербайжан.
Екі жылдан бері ұста TOT AZ — Талыш Октай Тюркобалы деп атаған көлікті құрастырып жатыр.
Оның айтуынша, көліктің моторы қуатты, шамамен 170-180 ат күшіне тең. Көлікті құрастыруға Mercedes көлігінің металл бөлшектері, "ВАЗ-2109" қозғалтқышы, BMW құралдар панелі мен алдыңғы фарлары, Mercedes AMG дисктері мен дөңгелектері, Toyota орындықтары пайдаланылған.
Бұл спорткарды құрастыру үшін Рзаев 20 мың манат (11660 доллар) жұмсаған.