АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Бірінші желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелегі салынбаған көлікпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ әкімшілік полиция комитеті.
Қысқы уақытта, бірінші желтоқсаннан бастап ақпанның соңына дейін, "М+S", "M&S", "M S" белгілері бар, тау және қар белгісі бейнеленген қысқы дөңгелектер салынбаған көлікпен жүруге тыйым салынады.
Дөңгелегін уақытылы айырбастамаған жүргізушілерге заң жүзінде 5 АЕК, яғни 11 345 теңге айыппұл салынады.
Айыппұлдан бөлек, көлік иесі мемлекеттік нөмірінен де айырылып қалуы мүмкін.
"Шипы" деген белгі қажет пе?
"Шипы" белгісін қою әркімнің өз еркінде. Қазанда Қазақстанның жол жүру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізілген.
Қысқы дөңгелекті қашан жазғы дөңгелекке айырбастау керек?
Айта кетейік, бірінші маусымнан бастап барлық көліктер дөңгелектерін жазғы дөңгелекке айырбастауы тиіс. Маусымаралық кезеңде автокөлік иесіне қолайлы, ауа райы жағдайына сай келетін дөңгелекке рұқсат беріледі.