АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. 1 жасар қызымен моншаға түскен 38 жастағы ана ажал құшты. Шомылуға кіріп қайта шықпаған. Түнімен монша ішінде жатып қалған денелерді тек таңертең көршілері көрген, деп хабарлайды TVK арнасы.
"Ол аяғынан тұра алмай тұрған. Сол мезетте мен оған көмектеспек болдым. Ол өзім жуынамын деді. Мен олардың жоқ екенін азанда білдім. Оның бір қызын мен өзіммен бірге ұйықтатуға алып кеткен болатынмын. Азанда қарасам, қыздары жоқ. Бірден оларды іздедім. Сөйтсем, осындай жағдайға тап болдым. Жаурап қалған ба? Басымен құлаған ба білмедім. Түсіне алмадым", — дейді көрші әйел.
Өздері баспананы жалға алып тұратын жандар, кей кездері танысының үйіне келіп моншаға түсіп тұрады екен. Бұл жолы да әдеттегідей егіздерін ертіп келген азаматша, спиртті ішімдіктен ұрттап алыпты. Оны көршілерінің өздері айтып.
Егіздің бірі көршісінің қолында қалып аман қалған. Оның денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.
Біз қазір ішкі істер бөліміне барамыз. Мұнан соң, ауруханаға апарамыз. Ал Әминаның жағдайы жақсы. Денсаулығы ешқандай зиян келмеген.
Оқиға орнына келген мамандардың айтуынша, қайтыс болған жандар, уланудан көз жұмған. Десе де бұл диагноз нақты емес. Сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады.
Бізге азаматшаның уланып қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға келсек, 13-41 минутта келсек, әйел адам қайтыс болып кеткен. Және 1 жарым жасар кішкентай қыз қаза болған. Улы газдан қайтыс болған деп отырмыз.
Қазіргі таңда оқиға қатысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.