АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Алматыдағы "Достық" шағын ауданында егде кісі шұңқырға түсіп кетіп, алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 9 тамыз күні Алматының Әуезов ауданында болды. "77 жасар ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізу жерде құлап, салдарынан екі күннен кейін 7-ші қалалық ауруханада көз жұмды", — деп ақпараттандырады полицияда.
Бұл учаскеде жөндеу жұмыстарын "Алвич" ЖШС мердігер ұйымының жүргізіп жатқаны анықталды.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеу тізбесінде ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлімі бойынша тіркелді.
Тергеу жедел тобы кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жауапқа тартады.