Саясат

Нығматулин Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта шахтерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қарағанды облысындағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ең бастысы, қазір жұмыс беруші, кәсіподақтар мен кеншілер арасында диалог жүріп жатыр. Сондықтан қазір эмоция керек емес, келіссөздер нәтижесін күтейік", — деді Нығматулин журналистерге. 

Қарағанды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ІІМ Қарағанды облысындағы жағдайға қатысты: ешқандай әскер кіргізген жоқпыз

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартады. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша жер астынан 154 адам шықты. 


Жаңалықтар
0