Өңірлер

ІІМ Қарағанды облысындағы жағдайға қатысты: ешқандай әскер кіргізген жоқпыз

© Sputnik / Дархан МусинҚарағанды
Қарағанды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта шахтерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik.  Шахтерлер ереуіл жасап, жер астынан шықпай қойған Қарағанды облысында бәрі тыныш, деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев. 

"Ешқандай әскер кіргізген жоқпыз. Бәрі тыныш, келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ешқандай әскери қимылдар болған жоқ, адамдар ұсталған жоқ",  — деді Тұрғымбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам кенжардан шықты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам жер астынан шықты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартады. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша жер астынан 154 адам шықты. 


Жаңалықтар
0