Экономика

Парламент жаңа Салық кодексін қабылдады

© SputnikСалық кодексі
Салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа кодекс салық дауларының алдын алып, тексерістер санын азайтады деп көзделуде

АСТАНА, 13 желтоқсан- Sputnik. Қазақстан парламенті жаңа Салық кодексін қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кино - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Отандық кинематографияны дамытуды көздейтін жаңа заң жобасы парламентке түсті

Бүгін мәжіліс депутаттары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексі мен осы кодексті қолданысқа енгізу туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келісті. 

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлағандай, жаңашылдықтарды қабылдағаннан кейін салық даулары азаяды, тексерістер саны қысқарады, әкімшілендіру жеңілдейді. Шикізатты өңдеу саласы дамиды, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес қолайлы режимге ие болады. 

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық тәртіптері сақталатын болады. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдау түрінде алынатын салық салудан босату да қарастырылады. 

Электрондық сауданы дамыту үшін электрондық сауда саласында алынатын корпоративтік және жеке табыс салығынан босату да көзделеді. Ынталандыру шаралары аграрлық, жер қойнауын пайдалану, қаржы және басқа салаларға да қатысты болады.

Жеке тұлғалар үшін банк берешекті кешірген жағдайда жеке табыс салығынан босату қарастырылған. Жеңілдік мерзімі – үш жыл.

Жаңалықтар
0