Мәдениет

Отандық кинематографияны дамытуды көздейтін жаңа заң жобасы парламентке түсті

Жазылу
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті жылғы 14 қарашаға дейін заң жобасы бойынша 2018 қорытынды әзірлейді

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Мәжіліс "Кинематография туралы" заң жобасы және оған ілеспе заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заң жобасы ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін жағдай жасау, халыққа кино көрсету үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, киноиндустрияның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында әзірленді", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ықсанова. 

Заң жобасына сәйкес, ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік қорын құру жоспарланып отыр.

Оралман фильмінен кадр - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Оралман" фильмі Германияда арнайы жүлде алды

"Сонымен қатар фильмдер прокатын мониторингілеудің ақпараттық жүйесі құрылады. Комитет заң жобасын жұмысқа қабылдап, 2018 жылғы 14 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", — деді ол. 

Кинематография мәселелері бойынша бір кодекс пен екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Жаңалықтар
0