Қоғам

Италиялық ғалымдар ұзақ жасаудың сырын ашты

© Fotolia/ Image Source IS2Ерлі-зайыптылар
Ерлі-зайыптылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдардың айтуынша, Италияда тұратын көп жасаған кісілер өмірге деген құлшынысы жоғары, еңбекқор жандар

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Италиялық ғалымдар көп жасаған адамдардың психикасының ұқсас тұстарын анықтады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі International Psychogeriatrics журналында жарияланған.

Тағам диета - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар өмірді ұзартатын диета туралы айтты

Бір топ мамандар "ұзақ жасау ошағы" деп аталатын Чиленто қаласында тұратын азаматтарды зерттеді. Зерттеуге 90 жастағы немесе одан үлкен итальяндар тобы мен олардың бала-шағасы, басқа да отбасы мүшелері қатысты.

"Біз ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктер, төзімділік, оптимизм, күйгелектік, жан күйзелісі мен стресс бойынша рейтингтік шкалаларды пайдаландық. Сұхбат барысында адамдардың көші-қон, наным-сенімге қатысты ойы, жарақат алған сәттері туралы тыңдадық, сонымен бірге отбасы мүшелері үйдің үлкендерінің мінез-құлқын сипаттап берді", — деп мәлімет берді зерттеу авторлары.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, қарт тұрғындар науқасқа сирек бой алдырып, табандылығы және еңбекқорлығымен ерекше көзге түскен.

Мамандардың пайымдауынша, ұзақ жасаудың бірден бір шарты – өмірге құлшыныспен қарап, отбасы мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста болу.

Жаңалықтар
0