Спорт

Жақсыбеков пен Жәмішев алғаш рет өтетін қысқы марафонда жүгіреді

© Sputnik / Болат ШайхиновАстананың қысқы келбеті
Астананың қысқы келбеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Astana Winter Marathon 2017" үш қашықтық бойынша өткізіледі

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Елордада 24 желтоқсан күні "Astana Winter Marathon-2017" марафоны өтеді, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясы. 

"Marat#ON" жүгіру клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық ультрамарафоншы Марат Жыланбаев  "басты мақсат бұқаралық спортты дамытуға ауа райы кедергі еместігін дәлелдеу" деп отыр.

"Қысқы марафондар бүкіл әлемде өткізіледі. Мен де бірнешеуіне қатысқанмын. Астана әлемде Ұлан-Батордан кейінгі ең суық астана болған соң, бұл қиындау сияқты көрінген. Дегенмен іске кірісіп, 24 желтоқсан күні алғаш рет "Astana Winter Marathon-2017" марафонын өткізуді жоспарлап отырмыз", — деді Жыланбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Марафонға еліміздің саяси элитасында жүрген Әділбек Жақсыбеков, Болат Жәмішев, Бағдат Мусин және бизнесмен Айдын Рахымбаев қатысады деп жоспарлануда.

Астанада Sputnik Қазақстан тілшілері жартылай марафонды жүгіріп өтті
ҚР жеңіл атлетика федерациясының айрықша мәселелер бойынша кеңесшісі Оксана Хашагульгова "Astana Winter Marathon 2017" Қазақстанда бұқаралық спортты дамытудағы тағы бір кезең екенін айтты.

"Елімізде марафондардың танымалдығы жылдан-жылға артып келеді. Биыл Астана, Алматы, Атырау, Рудный, Қарағанды қалаларында жалпы саны 6 марафон өтті. Оған шамамен 30 мың адам қатысты. 2018 жылы федерация марафонға қатысушылар санын үш есеге арттыруға ниетті", –дейді Хашагульгова.

"Astana Winter Marathon 2017" үш қашықтық бойынша өткізіледі: классикалық марафон – 42 шақырым 195 м, жартылай марафон – 21 шақырым және 10 шақырымға жүгіру.  


Жаңалықтар
0