Астанада Sputnik Қазақстан тілшілері жартылай марафонды жүгіріп өтті

Жазылу
19 елден жиналған жүйріктер Қазақстанның елордасы Астанада өткен халықаралық марафонға қатысты. Sputnik Қазақстан тілшілері де марафонға қатысып, 21,1 шақырымды жүгіріп өтті

Астанада өткен кезекті марафон жүйріктерді жинады. Астаналық марафонға 19 елден жиналған 4,5 мыңнан астам адам қатысты. Кәсіби спортшылар мен кәсіпқой жүйріктер 42,2 шақырым, 21,1 және 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. 

42,2 шақырымдық қашықтықта алғашқы болып Кения мемлекетінің өкілдері – Саймон Кипругут Кируй мен Генри Кипсангу келді. Қазақстандық Алмат Имашев үшінші орынды иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Гүлжанат Жанатбек, екінші және үшінші орынды – Ақмарал Мейірман мен Мария Киреева иеденді.  

Sputnik Қазақстан тілшілері Юлия Кузнецова мен Зарина Құлымбетова 21,1 шақырым қашықтықты екі сағаттан астам уақыт ішінде жүгіріп өтті. 

Марафон жеңімпаздары (42,2 шақырым қашықтық): бірінші орынға — 850 мың теңге және әлемнің кез келген нүктесіне жарамды авиабилет, екінші орынға — 200 мың теңге және үшінші орынға — 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар алды.

Сондай-ақ марафон аясында скандинавиялық жүрістен жарыстар ұйымдастырылған болатын.


Жаңалықтар
0