Спорт

Стоилов: "Астанадан" кетуім керек

Жазылу
Бас бапкер елордалық клубтың басты проблемасы ойын практикасының аздығы екенін айтты

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik.  "Астана" клубының бас бапкері Станимир Стоилов Еуропа лигасындағы "Спортингке" қарсы өтетін ойын туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz

Еуропа лигасы 1/16 финалының бірінші кездесуі 15 ақпан күні Қазақстанның астанасында өтсе, екінші кездесу бір аптадан кейін, яғни 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді. 

Спортинг футбол клубы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Еуропа лигасы: "Астана" қандай командамен ойнайтыны белгілі болды
Стойлов "Астананың" басты проблемасы ойын практикасының аздығы екенін айтты. 

"Спортинг" үшін жеребе жақсы түсті. Өйткені, ол фоварит. Бірақ біздің де команда осал емес. Өзін жақсы қырынан көрсете алады", — дейді Стоилов. 

"Астананың" болгариялық маманы желтоқсанда кетуі мүмкін екенін де айтты. 

"Болжамдар әртүрлі. "Астанада" қаламын ба, жоқ па — кейін шешемін. 100 пайыз сенімді емеспін. Бірақ мен кетуім керек", — деді бапкер. 


Жаңалықтар
0