Қоғам

2019 жылдан бастап екі пән ағылшын тілінде оқытылады

© Photo : управление образования Астаныоқушылар
оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағылшын тіліндегі пән мұғалімдеріне 2017 жылдың 1 қыркүйегінен қосымша ақы төленеді

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. 2019 жылдан бастап жаратылыстану цикліндегі "Химия", "Физика", "Информатика", "Биология" пәндерінің екеуін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту жоспарланған, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

Бұл туралы "Информатика", "Физика", "Химия", "Биология" пәндері мұғалімдерінің біліктілікті жоғарылату курстарынан өтуге қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды

"НБО-да 4 пән бойынша барлығы 31928 мұғалім бар. Оның 62%-ы ауыл мұғалімдері, қала бойынша 38%-ды құрайды. 2 жыл ішінде республикалық бюджет есебінен 12 179 мұғалім тіл курстарынан өтті. Оның 750-і 2016 жылы оқытылса, биыл 11 429-ы тіл курстарынан өтті. Яғни жалпы 40%-ын қамтыды", – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова.

Қазіргі уақытта тіл курстары Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, "Өрлеу", "USTAZ Professional Learning Centre" ЖШС, "Astana School of Business and Technology" ЖШС, "Астана Білім Ордасы" ЖШС қатарлы алты ұйымда өткізіліп жатыр.

"Халықаралық емтихандарды тапсырған және оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде өткізіп жатқан пән мұғалімдері үшін 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап негізгі лауазымдық қызметақыдан 200% көлемінде қосымша төлем төленеді", – деді департамент басшысы. 

Жаңалықтар
0