АСТАНА, 14 қараша — Sputnik, Нұргүл Абай. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мектепте қандай пәндерді шет тілінде оқыту керектігін оқушылардың өздерінен сұрауды ұсынды. Бұл туралы ол ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Балалар омбудсмені ағылшын тілінде сабақ беруді қарапайым пәндерден бастауды ұсынды. Себебі физика, химия секілді күрделі пәндерді ағылшынша оқу балаларға өте қиын.
Сондай-ақ омбудсмен тағы бір маңызды проблеманы атап өтті. Оның айтуынша, санитарлық нормалардан мектепке сау боп келген бала 11 жыл ішінде түрлі ауруға шалдығады. Ал білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге көз жұмып қарап отыр.
"Мектепке дені сау бала келеді, ал 11 сыныпқа қарай 72%-ында көру қабілеті нашарлаған, 34 % – сколиоз, 50 %-дан астамында ішек-қарын жолымен байланысты проблемалары бар. Былайша айтқанда, сау бала мектеп бітіргенде түрлі «кәсіби» ауруға шалдығады, ал біз санитарлық ережелер мен нормаларды қайта қарастырғымыз келмейді. Сколиоз емделмейді", — деп түйіндеді Балиева.