АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болып Айдар Әріпханов тағайындалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға компанияның баспасөз қызметі.
Холдингті бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған Ерболат Досаев басқарған еді. Ал Әріпханов төрағаның орынбасары болды.
Алматы тумасы, 43 жастағы Әріпханов қаржы вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ ол "Қазақтелекомның" басқарушы директоры, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары және ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеген.