Қоғам

Қайрат Қожамжаров бас прокурор қызметіне тағайындалды

© SputnikҚайрат Қожамжаров
Қайрат Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат Қожамжаровты бас прокурор лауазымына тағайындауға келісім берді

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Парламент сенатының депутаттары бас прокурор лауазымына ұсынылған Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.    

Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор лауазымына Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын ұсынған болатын.   

"Парламент сенаты бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады", — деп жазылған хабарламада.  

Қайрат Қожамжаров бұл қызметте Жақып Асановты ауыстырды. 

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болды

Қайрат Қожамжаров 1965 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келді. Ол әр жылдары Ақтөбе облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаментінің бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Ақмола облысының әкімі, Қр Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып еңбек етті. 

2016 жылы қыркүйекте  Елбасының жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

І және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астананың 10 жылдығы" медальдары және өзге де ведомстволық медальдармен марапатталған.

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының еңбегі сіңген қызметкері" және "Қазақстан Республикасы прокуратурасының ең үздік тергеушісі" атақтарын иеленген.

Қаржы полициясының генерал-майоры.

Жаңалықтар
0