Өңірлер

Қарағанды облысындағы кеншілер ереуілі туралы тың ақпарат шықты

© Sputnik / Асем МиржекееваArcelorMittal Темиртау
ArcelorMittal Темиртау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"АрселорМиттал Теміртау" кеншілері әлі жер астында

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Ереуілшілердің туыстары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігі баспасөз қызметі.

Шахтадағы шахтерлердің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды шахтасындағы ереуіл: 200 адам кенжардан шықпай қойды

"Кеншілердің туыстарына қазіргі ахуал түсіндіріліп, барлық сұрақтарға жауап берілді. Қарағанды облысының ереуілге қатысушы кенішлерімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясының басшылығы келіссөз жүргізіп жатыр", — деп мәлімет берді әкімдік.

АМТ басшылығымен кездесу үшін ереуілшілердің өкілдері кенжардан шықты. Кездесуге "Қорғау" көміршілер одағы мен облыстық әкімдік басшылығы да қатысқан. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, келіссөздер жалғасып жатыр.

"Кеншілердің әйелдері шығып сөйлеп, бірнеше ай бойы күйеулерінің сыйақы алмағанын айтты. Шахтинскіде баға қымбат, Қарағандыдан да асып түседі. Қарағандыдан кеншілер делегациясы келді, олар өз сұрақтарын қойғысы келіп еді, бірақ жауап ала алмады. Олар бірден тұрып, кетіп қалды", — деді оқиға куәгері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

АМТ мәліметінше, қойылған талаптардың барлығы дерлік жаңа бірыңғай ұжымдық келісімде қарастырылған.
"Негізгі қойылған талап – жалақыны көтеру. Шахталардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша бригадалар жұмыс істеп жатыр, алты шахтада лава бойынша жөндеу бригадалары ауысымға шықты", — делінген компания хабарламасында.
11 желтоқсан дүйсенбі күні 200 кенші жұмыс уақыты бітсе де, кенжардан шықпай қойған. Әкімдіктің мәліметінше, қалған шахталар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдайды Қарағанды облысы әкімдігі бақылауына алған.
Жаңалықтар
0