АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 200 кеншісі жұмыстан кейін жер бетіне шықпай, кенжарда қалып қойды, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
"Төрт шахтаның түнгі ауысымындағы 200-ге жуық адам жұмыс уақыты бітсе де, шахтадан көтерілген жоқ. Бұл наразылық акциясы санкцияланбаған, өйткені кеншілер шахта басшылығына да, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігіне де ешқандай ресми талаптар қойған жоқ", — делінген компания мәлімдемесінде.
"Қорғау" көміршілер кәсіподағы тарапынан да ешқандай өтініш болмаған, деп атап өтті компания.
"Қазір келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесін кейінірек береміз", — деп хабарлады "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Марат Мірғаязов Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.