Қоғам

Министр Сағынтаевтан бюджет қаржысын игермеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрады

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте 2017 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов премьер-министрден бюджет қаржысын игермеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарастыруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сағынтаев министрден өңірлерге дәрі жеткізу неге кешеуілдеп жатқанын сұрады

"Қаржы жылының соңына дейін 10 желтоқсандағы жағдай бойынша 614 миллиард теңге сомасында төлемдер жүргізілуі керек. Біздің болжамымыз бойынша республикалық бюджет шығыстарының орындалуы жыл қорытындысы бойынша 99,8% шегінде күтіледі. 

Бірақ жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу сомасы 10,3 миллиард теңгені құрайды. Бюджет заңнамасы бойынша осы соманың 0,8 миллиард теңгесі келесі жылға көшіріледі", — деп баяндады қаржы министрі үкімет отырысында. 

Сұлтановтың айтуынша, жақында ғана республикалық бюджет нақтыланды, сол кезде барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жыл соңында игерілмей қалу қаупі бар шығыстарды оңтайландыру мүмкіндігі болды. 

"Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың барлық өтінімдерін барынша ескерді. Сондықтан, Бахытжан Әбдірұлы, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарауды ұсынамын", — деді министр.

Үкімет басшысы қаражат ең көп игерілмеген мемлекеттік органдардың жетекшілерін тыңдап, уақыт аз қалғанын ескертті.

Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сұлтанов RBK банкінің жағдайы туралы: үкімет мәселені пысықтап жатыр

"Қаржылық жыл жиырмасыншы желтоқсанда аяқталады.  Алда төрт күн демалыс, сонда екі-үш жұмыс күні ғана қалды.  Өңірлерден баяндама жасаған әріптестер, министрліктердің жетекшілері жиырмасынан кейін төлем болады деп отырсыздар.  Ештеңе де үлгермейсіздер. Қаржы министрлігімен жұмыс істеңдер, жиырмасы "қақпа" жабылады", — деді Сағынтаев. 

Үкімет басшысы орынбасары Ерболат Досаевқа бюджет қаржысын игермеу мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Жаңалықтар
0