Экономика

Сұлтанов RBK банкінің жағдайы туралы: үкімет мәселені пысықтап жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан үкіметінің ғимараты
Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлер кабинеті банк мәселесін квазимемлекеттік сектормен бірлесіп шешіп жатыр

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов RBK банкінің төңірегіндегі жағдайға түсінік берді. 

"Ұлттық банкпен жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет квазимемлекеттік сектормен, кәсіпорындармен бірлесіп мәселені пысықтап жатыр», — деді Сұлтанов журналистерге мәжілістегі үкімет сағатынан кейін. 

RBK банкі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев RBK банкіндегі жағдай туралы: ұрылар түрмеге жабылады
Айта кетсек, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында банктің қазіргі жағдайынан хабардар екенін айтқан болатын.

"Мен бұл мәселені жақсы білемін, онда не болып жатқанын білемін. Өз адамдарын қаржыландыру үшін ұрлық жасаған акционерлердің былығы бұл. Барлығын тәртіпке келтіреміз. Ұрылар тиісті жерде отырады. Оларды ақшаны қайтаруға мәжбүрлейміз. Банктің жұмысын тұрақтандыруға тырысамыз. Әсіресе, жеке тұлғалар өз қаржысын қайтарып алады", — деген еді Назарбаев.


Жаңалықтар
0