Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, негізінен қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында бұрқасын — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел — 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде боран соғады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Атырау облысында – көктайғақ.

Жаңалықтар
0