Өңірлер

Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

© Photo : РixabayҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыстың алғақшы айының ортасында және соңында күн күрт суытып, аяз болмақ

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Алдын ала болжам бойынша айдын бірінші онкүндігінде антициклонның ықпалы етеді, салдарынан еліміздің барлық аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз болып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Ауа температурасы: батыста түнде 2…12 градус аяз, күндіз 2 градус аяз…3 градус жылы. Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 10…20 градус аяз, күндіз 2…10 градус аяз.

Тек еліміздің оңтүстігінде айдын басында циклон ықпал етип жауын шашын жауып, тұман және көк тайғақ сақталады. Ауа температурасы онкүндік бойы түнде 5…15 градус аяздан 0…5 градус аязға, күндіз 0…5 градус аяздан 0…8 градус аязға дейін жоғарылайды.

Ұзақ мерзімге болжам бойынша екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш рет күн суытуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа массаларының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндіктің соңында аяз күтіледі, ауа температурасы түнде 25…35 градус аязға, күндіз 15…20 градус аязға дейін төмендейді.

Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық нормаға жақын болады, тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан төмен болады.  

Жауын-шашының айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында мөлшерден көп, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жәнеде Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда мөлшерден аз.

Жаңалықтар
0