Қоғам

Елімізде енді атеистердің құқығы заңнамалық деңгейде қорғалады

CC0 / Free-Photos / Діни әдебиет, архивтегі фото
Діни әдебиет, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік зерттеуге сүйенсек, елімізде дінге сенетіндер 87 пайызды құрайды

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын діни қызмет туралы заң жобасына атеистердің құқығын қорғау нормасы енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мешіттегі жамағат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кәмелетке толмағандарға үлкендерсіз құлшылық етуге тыйым салынбақ
"БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті заңда дінге сенбеушілердің құқығы қорғалмағанына қатысты ескертулер жасады. Бұл жерде біз дінге сенбеушілер немесе діннің талаптарын толығымен орындамайтындардың құқығын айтып отырмыз. Бізде тек дінге сенушілердің ғана құқығын қорғау туралы, тек солардың сезімдерін қорлауға жол берілмейтіні айтылған. Енді біз дінге сенушілер ғана емес, дін талаптарын толығымен орындамайтындардың да құқығын қорғап отырмыз", — деді Арын.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде дінге сенетіндердің 87 пайызының тек 16 пайызы ғана бүкіл діни жоралғыны орындайды. 

"Әлеуметтік зерттеу жүргізген кезде азаматтардың 87 пайызға жуығы дінге сенетіндерін айтты. Алайда сол 87 пайыздың ішінде тек 16 пайызы ғана бүкіл діни жоралғыларды орындайды. Қалғандары дінге сенеміз дегенмен, діни рәсімдерді орындамайды", — дейді ол. 

Айта кетсек, заң жобасы аясында 12 заң актісіне шамамен 50-ге жуық түзету мен толықтыру енгізілмек. Арын барлық түзетуді үш бөлімге жіктеп көрсетті. Бірінші бөлім дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталса, екінші бөлімде мемлекеттік органдардың қызметін реттеуге қатысты нормалар қарастырылған. Ал үшінші бөлімде діни бірлестіктердің жұмысын жеңіл әрі түсінікті етіп жасауға арналған түзетулер енгізілген.


Жаңалықтар
0