Қоғам

Кәмелетке толмағандарға үлкендерсіз құлшылық етуге тыйым салынбақ

© SputnikМешіттегі жамағат
Мешіттегі жамағат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Діни қызмет туралы заңнамаға осындай норма енгізу көзделіп отыр

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын діни қызмет туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Хазірет сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сарапшы: дінге қызығушылық танытқан жастар діни мәліметті қайдан алуды білмейді
"16 жасқа толмаған балаларға құлшылық ету рәсіміне мүлде тыйым салу мәселесі тұрған жоқ. Тек балалармен ата-анасының біреуі немесе кәмелетке толған жақындары, ата-анасы болмаса, заңды өкілдері еріп баруы міндетті", — деді Арын. 

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасы аясында 12 заң актісіне шамамен 50-ге жуық түзету мен толықтырулар енгізіледі. Арын барлық түзетуді үш бөлімге жіктеп көрсетті. Бірінші бөлім дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған. Екінші бөлімде мемлекеттік органдардың қызметін реттеуге қатысты нормалар қарастырылған. Ал үшінші бөлімде діни бірлестіктердің жұмысын жеңіл әрі түсінікті етіп жасауға арналған түзетулер енгізілген.


Жаңалықтар
0