АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалды, деп хабардайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындады", — деп жазылған хабарламада.
Алик Шпекбаев бұл қызметте Бас прокурор болып тағайындалған Қайрат Қожамжаровты ауыстырды.
Шпекбаев жаңа лауазымға дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет етті.