АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Мамандар үш бала мен олардың әжесінің өлімінің бастапқы себебін анықтады. Төртеуінің денесі қайғылы оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң пәтерде табылған, деп хабарлайды "Отырар" порталы.
Басылым мәліметінше, бастапқы себеп қосымша газ құрылғысын орнатудағы ақау мен мұржаның сорғышының болмауы екен.
"Техникалық қызмет көрсету туралы шарт жасамасаңыз, пәтерде мұржа тазаланбаса, "автономды" құрылғы" болса, газ пайдалануға болмайды десек, жұрт бұған кәдімгідей ашуланып, осындай қайғылы оқиғаны болмасын деген мақсатта айтатынымызды түсінбейді", — дейді әкім орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.
Әкім орынбасары қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жергілікті халықты құрылғыларын тексеруге шақырды.