АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте Республика даңғылы бойында орналасқан үйлердің біріндегі пәтерден төрт адамның денесі табылды, деп жазады жергілікті TVK басылымы.
Кәмелетке толмаған үш бала қаза тапқан: төрт жасар қыз, 12 және 13 жастағы жасөспірімдер, төртіншісі – олардың әжесі.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қызметкерлері есікті ашып, пәтерден қаза тапқандардың денесін тапқан. Олар екі-үш тәулік бұрын жан тапсырған көрінеді. Бастапқы себептерінің бірі – тұрмыстық газбен улану. Тергеу жүргізілуде.