АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Бүгін оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағында ауа райы жауын-шашынды (көбінесе қар түрінде) болады, кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді – 15-20, екпіні 23-28, түнде облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-тен асуы мүмкін.
Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, жел күшейеді – 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с жетеді.
Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел соғады – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.