АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысы прокуратурасы ұрланып, зорлық көрген Н.А. туралы істі бақылауына алады, деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратура аппаратының басшысы Жасұлан Дәулембаев Facebook парақшасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, әйел адам қарашаның соңында жоғалған. Туыстары жүз шақырым жердегі қыстауда жүргенін анықтап, алып кетуге барғанда келіншектің ес-түссіз, жартылай жалаңаш күйінде жатқанын көрген, қасында белгісіз бір ер адамдар болыпты.
Келіншек біресе өзін қараңғы бөлмеге қамап, зорлағанын айтса, біресе айтқан сөздерін жоққа шығарады.
Ал туыстары жиырма бес жастағы әйелдің зорлық көргеніне сенімді әрі кінәлілердің жазалануын сұрайды. Тергеу жалғасуда.