АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысында он күн бойы жоғалып кеткен Нұршат Арысбекованы туыстары малшы ауылында ессіз жатқан жерінен тауып алған, деп хабарлайды КТК.
Туыстары келіншектің жанында бірнеше еркек болғанын айтады. Олардың Нұршатты аяусыз зорлап, қамауда ұстағанына сенімді. Енді соларды жазалауды талап етіп отыр.
Ең қызығы, Нұршат малшы ауылға бала-шағасын тастап өз еркімен барған. Некелі жары болса да, ол жақта Айсұлтан деген жігітпен таныспақ болыпты. Бірақ ол арақ ішкізіп, жанындағы әріптестерімен бірге келіншекті зорлаған көрінеді.
Екі жүз мың теңгеге жалдаған адвокаты Нұршатты қорғаудан бас тартып отыр. Себебі, қорлық көрдім деген келіншек тергеу кезінде сөзінен бірнеше рет тайқыған.
Қазір тәртіп сақшылары бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. Бірнеше сараптама тағайындапты.