АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Ресейде ақша үшін фермерді айуандықпен өлтірген Қазақстан азаматы 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Омбы облысының прокуратурасы.
Осы жылдың ақпанында қазақстандық пен оның сыбайласы спирттік ішімдік ішіп, ауыл фермерін тұншықтырып өлтіріп, оның үйінен 200 мың рублді (миллион теңгеден астам) алып кеткен.
40 жастағы қазақстандық кісі өлтіріп, артынша оны тонады және денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, тонау қылмысын жасады деп танылды.
Омбы облыстық соты қазақстандықты қатаң режимдегі түзеу колониясында 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті. Ал оған көмектескен 43 жастағы әйел тоғыз жыл өмірін жалпы режимдегі колонияда өткізеді.
Прокуратура сотталған Омбы облысының тұрғыны кәмелетке толмаған үш баланың анасы екенін атап өткен.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.