АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. "Қазгидромет" РМК 9-11 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам ұсынады.
"Оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжып, солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Соның әсерінен демалыс күндері қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде жылдамдығы 18-25 м/с жел соғады, көктайғақ болады", — делінген хабарламада.
Сенбі күні республиканың көптеген облысында ауа температурасы көтеріледі, алайда дүйсенбіде күн қайта суытады.
Қар, бұрқасын мен көктайғақ, әсіресе, таулы жерлер мен автожолдарда қауіпті.