Өңірлер

Еліміздің кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде жел ұйытқып соғады

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ болып, боран соғады, жел ұйытқиды, оңтүстік, солтүстік пен шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанада жауған қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алдағы 3 күнде ауа температурасы көтеріледі

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында желдің ұйытқуы — 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ, боран.

Ақмола облысында кей жерлерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысында синоптиктердің болжауынша, тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында – желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстанда – тұман.

Жаңалықтар
0