Өңірлер

Қостанай колониясынан қашып шыққан тұтқын туралы тың ақпарат шықты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрменің архивтегі фотосы
Түрменің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қамауда болған адам ілмекпен тоқылған бөрік пен былғары күрте киіп кеткен

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қостанай колониясынан қашып шыққан Руслан Юсубов тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Аршалы елді мекеніндегі колония, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында полиция қылмыскерді іздеп жатыр
ІІД мәліметінше, 30 жастағы тұтқын қамалғанға дейін Денисов ауданының Некрасовка елді мекенінде тұрған.  

"Белгілері: бойы 167 см, дене бітімі орта, қой көзді, қара шашты. Қара былғары күрте, ілмекпен тоқылған бөрік, джинсы және қоңыр түсті аяқкиім киіп кеткен", — деп түсіндірді облыстық ІІД мамандары.  

Бұған дейін 27 қараша күні Юсубов ең төмен қауіпсіздіктегі мекемеден қашып кеткенін хабарлаған едік. Ол қоныс колониясында жазасын өтеуге төрт жылға бас бостандығынан айырылған.     


Жаңалықтар
0