АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында 2017 жылдың 27 қарашасында 29 жастағы сотталушы ең төмен қауіпсіздіктегі қоныс колониясынан шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Костанайские Новости.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
"Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның қайда екенін анықтау бойынша іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сотталушы тонау және ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Қоныс колониясында ер адам жақсы тәртібі үшін орта қауіпсіздіктегі колониядан ауыстырылған. Сотталушының қылмыстық жазасын өтеп шығуына 1 жылдан астам уақыт қалған", — дейді полицейлер.
Полиция іздестіріліп жатқан азамат туралы қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.