Әлем

Шу облысында 4 адам тергеу изоляторынан қашып кетті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қашып кеткендерді Шу облысының ішкі істер басқармасының жеке құрамы мен ІІМ жедел қызметтері іздеп жатыр

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Кісі өлтіріп, қарақшылық жасағаны үшін айыпталған тұлғалар Қырғызстандағы Шу облысы Сокулук ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігі мәліметінше, төрт ер адам таңғы алты кезінде қашып кеткен.

Түрме күзетшісі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Конго түрмесінен ондаған қылмыскер қашып кетті

"Облыс бойынша және Бішкекте "Дабыл" жоспары жарияланған, жедел іздеу шаралары қолданылуда. Шу облысы аудандық ішкі істер бөлімдеріне, Бішкек қаласы ішкі істер департаментіне, басқа да облыстарға бағыттамалар жөнелтілген. Стационарлық бекеттерде милиция қызметі күшейтілген", — делінген хабарламада.

Іздеудегілер: 38 жастағы Рамиль Базаркулов кісі өлтіру бабы бойынша ұсталған, 32 жастағы Багтият Ачылдурдиев Түркіменстан тумасы, қарақшылық жасап, мүлікті қасақана жою және бүлдіру қылмысы үшін айыпталған.

Сондай-ақ, қарақшылық бабы бойынша айыпталған, 38 жастағы Талас облысының тумасы Бакыт Дилдешов пен кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған 28 жастағы Кайрат Джанботоев іздестірілуде. 

Қашқындарды іздеуге Шу облысы ішкі істер бас басқармасының бүкіл жеке құрамы мен ІІМ жедел қызметтері жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0