АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Конго Демократиялық Республикасында жексенбі күні түрмеден отыздан астам қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды РИА Новости АР сілтеме жасап.
Оңтүстік Киву провинциясы әділет министрі Пасалине Басезаге мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні кешке қатты жаңбыр жауып тұрған кезде, түрмедегі барлығы қырық екі адамның 34-і қашып кеткен. Олардың жиырма жетісі сексуалды және зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыс жасағандары үшін сотталған.
Қашып кеткен төрт қылмыскер ұсталды, қалғандары іздеуде. Мвенга ауданы тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтап, қылмыскерлерді ұстауға жәрдем беруге үндеу тасталды.
Жалпы Конго түрмелерінен осы жылы мыңдаған адам қашып кетіпті.