АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мексикалық Deportes арнасының тележүргізушісі Фернандо Шварцтың мәліметінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес реваншы қай күні өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Боксшылардың екінші жекпе-жегі 2018 жылдың 5 мамырында Синко де Майо мерекесінде өтеді. Головкиннің өкілдері келісім беріп қойған, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя осы аптада келісімшартқа қол қою үшін «Канеломен» кездеседі.
Жекпе-жектің қай қалада өтетіні әзірге белгісіз. Мамандардың айтуынша, ол Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және алғашқы жекпе-жек өткен Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін.