АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Балқаш қаласында тұратын жас жігіт 12 жастағы баланы азғындауға әрекет жасаған, деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ер адам жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп тұрған. Бейәдеп әңгімені баланың әкесі байқап қалып, полицияға шағым түсіреді.
"27 қарашада ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.
Прокуратура мәліметінше, 27 жастағы күдікті "ақыл-есі кем" деген диагнозбен облыстық психоневрологиялық диспансерге тіркелген.
Жігіт ұсталып, Балқаш қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.