Оқиға

Павлодарда анасы қыздарын азғындаған әкені айыптады

© Sputnik / Табылды КадырбековЕр адам қыз баланың иығынан ұстап тұр
Ер адам қыз баланың иығынан ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам 12 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 6 қыркүйек  – Sputnik. Павлодарда өзінің 6 және 14 жасар қыздарына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған әкені айыптау жөніндегі іс қаралуда, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшілеріне Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомство полицияларының ақпараттарына сәйкес, қала тұрғынының арызы негізінде ҚР ҚК 124-бабының 2 бөлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыруды көздейді (қылмыс аса ауыр қылмыс қатарына жатады).

"Аталған істер бір өндіріске тіркеліп, облыстық ІІД Тергеу басқармасы тарапынан қаралып жатыр. Кәмелетке толмаған қыздарға қатысты тергеу ісіне қажетті сот экспертизалары жасалды, шағымданушы тарапынан берілген аудио жазба соттық-фоноскопиялық экспертизадан өткізіліп жатыр", — деді полиция ведомствосы.

Instagram желісіндегі қалалық "Типичный Павлодар" порталы қала тұрғыны берген сұхбатты жариялады. Ол өзінің 17 жыл бірге тұрған азаматтық некедегі күйеуі кейінгі екі жыл ішінде өз қызына тиісіп келген. Олардың үш қызы бар: үлкені 14 жаста, ортаншысы 10 және кішісі 6 жаста. Отбасының жақсы үйі және ортақ бизнесі бар. Ер адам – заңгер, бұрынғы полиция қызметкері. 

Оқиға кездейсоқ жағдайда анықталған. Осы жылы 7 шілдеде кіші қыздары отыра алмай отырып тұрғаны жайлы айтады. Анасы қызынан не болғанын сұраған кезде, қыз бала әкесі өзін "қинағанын" айтып береді.

"Одан кейін мен қызымның айтқанынан шашым тік тұрды. Үш тәулік бойы мен өзімді қоярға ер таппадым. Оған қоса, ол өз қызына төрт жасынан бері тиісе бастаған. Анасына айтар болса, планшетті алып қойып, мысығын лақтырып жіберетінін айтқан" – дейді қыздардың анасы.

Қыздардың анасы өзінің азаматтық күйеуін мәселенің мәнісін түсіндіруді сұраған кезде, ол өзінің "шайтан азғырып" осындай қылық жасағанын мойындайды. Бір жарым сағаттық әңгімені әйел диктафонға жазып алады. Бұл әңгіменің барысы дүкендегі камераға да жазылып алынған. Балалармен психолог жұмыс жасап, баланың сөзі шын екенін айтты. Одан кейін, үлкен қыздары да "әкесі оны да сегіз жасынан бері тиісіп келгенін" мойындаған. 

13 шілдеде әйел адам Павлодар қаласы полициясының Солтүстік бөліміне арыз жазады. Азаматтық некедегі күйеуін қолына кісен салып алып кетеді. Тергеуші әйелден және олардың қыздарынан жауап алады. Алайда, оның күйеуін бірден босатады. Осыдан кейін ол БАҚ көмегіне жүгінеді. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0