Әлем

Өлімге 2 жыл қалғанда қандай белгі берілетіні анықталды

© Sputnik / Юлия КузнецоваКезек күтіп отырған науқас, архивтегі сурет
Кезек күтіп отырған науқас, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эксетер университетінің ғалымдары көз жұмған 46 мың британдықтың медициналық жазбасына талдау жүргізген

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik.  Қарт адамдарда артериялық қысымның төмендеуі оның таяу уақытта қайтыс болуы мүмкін екенін білдіреді. Бұл туралы JAMA Internal Medicine журналында жарияланған зерттеуде айтылған, деп хабарлайды РИА Новости

Тұз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар: тұзды көп қолдану денсаулыққа қауіпті
Эксетер университетінің ғалымдары 60 және одан да жоғары жаста көз жұмған 46 мың британдықтың медициналық жазбасына талдау жүргізген. Іріктеуге жүрек-қан тамырлары және нейродегенеративті аурулармен ауырған науқастар туралы да, денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған адамдар жайлы да мәліметтер енгізілген.   

Екі топтың адамдарының да артериялық қысымы өлімге орташа 14 жыл қалғанда аз-аздап, ал соңғы 2 жылда едәуір қатты төмендегені анықталды. 

Мамандар алынған мәлімет жасы ұлғайған адамдарға ем таңдау кезінде көмектесуі мүмкін екенін атап өтті.  


Жаңалықтар
0