Қоғам

Ғалымдар: тұзды көп қолдану денсаулыққа қауіпті

Жазылу
Ас тұзы сүтқоректілердің ішек микрофлорасына зиян тигізеді

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Германия, АҚШ және Бельгия елдерінің бір топ ғалымы ас тұзын көп қолдану сүтқоректілердің ішек микрофлорасына зиян тигізіп, соңынан түрлі ауруға әкеп соқтыратынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости

Жүрек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар: Инфарктің көбі ақшамен байланысты

Мамандардың зерттеуі Nature журналының сайтында жарияланған.

Зерттеушілер тұзы көп тамақпен қоректенген тышқандардың нәжісін зерттеді. Салдарынан кеміргіштерде Lactobacillus murinus бактерияларының саны азайып, соның кесірінен аутоиммунды энцефаломиелит пен гипертензияға шалдыққан. 

Бұған қоса, пилоттық зерттеу адамдар арасында да жүргізілді. Зерттеу нәтижесі тұзды тағамды көп жеу бактериялар санын азайтынын көрсетті. Сондай-ақ, гипертензияға әкеп соғатын  Т-хелпер клеткалары саны ұлғайған.

Жаңалықтар
0