Экономика

Қырғызстан шекарадағы жағдайға қатысты ДСҰ-ға түсірген шағымын қайтарып алмақ

© AFP 2024 / Vyacheslav OseledkoЕр адам қолында Қырғызстан туын ұстап тұр, архив суреті
Ер адам қолында Қырғызстан туын ұстап тұр, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстанның вице-премьері қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай реттелді деп есептейді

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қырғызстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық комиссиясына Қазақстанның үстінен түсірген шағымын қайтарып алмақ ниетте, деп хабарлайды РИА Новости. 

Дүниежүзілік сауда ұйымының логотипі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан шекарадағы жағдайға қатысты ДСҰ-ға шағымданды

Қырғызстанның вице-премьері Толқынбек Абдығұлов Қазақстан мен Қырғызстан шекарадағы жағдайды реттеді деп мәлім етті. 

"Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразия экономикалық комиссиясына түсірген шағымдарды қайтарып аламыз, бұған біздің құқығымыз бар. Біз жағдайды ЕЭК және ДСҰ аясында реттеу үшін бар мүмкіндікті пайдаландық", — деді Абдығұлов. 

Вице-премьердің айтуынша, Қырғызстанның үкіметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесін зерделеп жатыр. 


Жаңалықтар
0