Экономика

Қасымбек: Алматының үлкен айналма жолы ақылы болмақ

© Sputnik / Серикжан КовланбаевКөліктер
Көліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол құрылысының жобасына шамамен 180 миллиард теңге жұмсалмақ

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадағы Жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел барысында Алматы үлкен айналма автомобиль жолының құрылысы туралы айтты.

"Қазақстан экономикасының барлық саласында шетелдік ірі инвесторлармен жұмысқа арналған атқарымдар бар. Агроөнеркәсіп кешені бойынша 800 миллион долларға шарт жасалады, Алматы үлкен айналма автомобиль жолы бойынша ақтық шарт жасалады, мұнда консорциум-жеңімпаз анықталды – оңтүстік кореялық-түрік консорциумы, төрт компаниядан тұрады", — дейді Қасымбек.

Ведомство басшысының айтуынша, инвесторлар "түбегейлі анықталды".

Жол - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматының үлкен айналма жолының құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Айналма жолды салу желтоқсанда басталады. Жоба 2025 жылға дейін жоспарланған. Құрылыс құны 180 миллиард теңге.

"Осы айдан бастап мобилизация іске қосылуы қажет деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары күн жылынғанда басталады. Бірінші тоқсандықтың соңында — екінші тоқсандықтың басында алаңқайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады деп ойлаймыз", — деп атап өтті министр.

Жолды салуға үш жылдан артық уақыт кетеді, ол ақылы болмақ.

"Жол ақылы болады, өйткені бұл балама жол. Алматының транспорттық жүктемесін біршама төмендетеді деп сенеміз, транзиттік көліктердің үлкен ағынын қалаға кіргізбей-ақ өткізуге мүмкіндік туады", — деп хабарлады Қасымбек.

Оның сөзіне сүйенсек, жол 60 шақырымнан астам қашықтыққа ұласып, бірінші санатқа жатады. Бетоннан жасалып, сегіз-он жолақтан тұратын жолда инженерлік құрылыстар да жеткілікті болмақ.

Жаңалықтар
0